26.02.2026
Мемлекеттік қызметтер туралы есеп 2025.
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 2 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ Заңды мекен-жайы Степногорск к., 6-ші шағын ауданы, 13 ғимарат,
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
«Степногорск қаласы, № 2 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативті көмек көрсету» (402006); «Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін мұғалімдерден құжаттарды қабылдау» (00803010-1); «Мұғалімдерді аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау» (803018).
2025 жылы Степногорск қ., №2 АПМПК-ға көрсетілген мемлекеттік қызметтер (код 402006) - 1905 ; оның ішінде-945 бастапқы;
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет 1849 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер – 56 қызмет;
(код 00803010-1) саны бойынша -1, ҚЭҚ шеңберінде қарастыралған-0, қағаз жүзінде-1;
(код 803018) саны бойынша -0, ҚЭҚ шеңберінде қарастыралған-0, қағаз жүзінде-0.
127 - өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілді, оның ішінде: 127 электрондық форматта, 0 - қағаз форматта.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызметті алушыларға көрсетілетін қажетті барлық ақпарат http://mppk2.stepnogorsk.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Ұйым сонымен қатар ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелерін көрсетеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Қадағаланатын аумақтарда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен, білім, халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері мен арнайы білім беру ұйымдарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қадағалаудағы аудандарда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен, білім, әлеуметтік қорғау бөлімдері, арнайы білім беру ұйымдарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы «Степногорск қ. № 2, АПМПК» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру үшін БАҚ 2 мақала жариялап, Instagram желісінде тікелей эфир жүргізді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі ісшаралар.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2022 жылдан бастап 1 мемлекеттік қызметті көрсететін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді.
«Степногорск қ. № 2, АПМПК» мекемесінде мемлекеттік қызметтерді 4 қызметкер көрсетеді, оның ішінде 3 қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар; 1 қызметкер – оқыту 2026 жылдың ақпан айына жоспарланған.
4 бірлік компьютерлік техниканың екі компьютері ең төменгі талаптарға сай келмейді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
2026 жылға қарай тұтынушылардың қанағаттануын және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында:
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мамандардың біліктілігін арттыру курстарында оқыту жоспарлануда;
- жетекшілік ететін аудандарда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен және білім, әлеуметтік қорғау бөлімдері мен арнайы білім беру ұйымдарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты орналастыру алғасады;
- Электрондық үкімет порталы арқылы сұраныстар үлесін арттыру жұмысы жалғасады.